18 мамыр күні аудандық «Халықтар достығы» музейіндегі «Музей - ұлттық құндылықтар негізі» атты мәдени шара

18-ші мамыр – Халықаралық музей күні. Бұл мереке - Халықаралық мұражайлар кеңесінің шешімімен 1978-ші жылдан аталып келеді. Мақсат – адам өмірінде және қоғамда мұражайдың алар орнының маңыздылығын түсіндіру. Сондай-ақ, мұражай құндылықтарына деген халықтың ықыласын арттыру.   Мәдени  шараға  ауыл  тұрғындары  мен  мектеп  оқушылары  қатыстырылды.

Музей – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы

26 сәуір аудандық мәдениет қызметкерлер форумы аясында Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» музейі залында «Музей – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор бөлімі қызметкері Ж.Ә.Данабаева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Жарымбетов, «Халықтар достығы» музейінің директоры Д.Ильясова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Нажмадинов, Қарабұтақ ауылдық музейінің директоры Р.Байзақова, Толыбай ауылдық «Әбілқайыр хан» музейінің меңгерушісі А.Сапаров және музей қызметкерлері қатысты.

22 Наурыз

22 наурыз  Ұлыстың  Ұлы  күні  наурыз  мерекесіне орай  «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» тақырыбында  орталық  алаңда  мәдениет  қызметкерлерімен  бірлескен  мерекелік  шара  ұйымдастырылып, аудандық музей тарапынан «Ұлт  құндылығы»  тақырыбында  этнографиялық  көрме   көпшілік  назарына   ұсынылды. Әр ұжым халыққа Наурыз көже ұсынып, елдің алғысын алды. Сонымен  қатар  аудандық білім  бөлімі  мен  музей  ұжымынан  музей  директоры  Д.Ильясова  және  музей  қызметкері  А.Жалмуханбетов  «құда  түсу»  салт-дәстүрінен қойылым қойып,  бірі  әже,  бірі  бас  құда  рөлін  сомдады.

«Бауырсақ - PATY»

Бауырсақ мерекесі ауданымызда алғаш рет атап өтілді. Бауырсақ – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ең көп тараған және ең сүйіктісінің бірі. Бұл тағам ерекше құрметке ие болғандықтан, оған ерекше мәртебе беру мақсатында осы мереке ұйымдастырылды. Әр мекеме, ұжым өкілдері аудан орталығы тұрғындарының көз алдында қамыр илеп, ашық алаңға қойылған қазандардың астына от жағып, бауырсақ пісірді. Күркелер құрылып, ұзын сонар дастархан жайылып, бауырсақ төгілді. Мерекелік шараға қатысушылардың барлығы, жас баладан еңкейген қарияға дейін бауырсақтың дәмін татып, мерекелік концертті тамашалады.Бауырсақ мерекесі жиналғандардың көңілінен шығып, ақ батасын бергендердің қарасы көп болды. Аталмыш мереке жыл сайын дәстүрлі атап өтілсе, ұлттық құндылығымыздың жаңарып, өшкеніміздің тірілгені болар еді.

«Көрісу – халықтың бірлігі»

Аудандық мәдениет үйінің фойесінде 14 наурыз  Көрісу күніне байланысты мәдениет саласының музей ұжымы, мәдениет үйі ұжымы, кітапхана ұжымы, архив және ауылдық селолық округінің әкімі Б.Пірмағанбетовтың ұйымдастыруымен мерекелік жиын өтті. Мерекелік жиынға ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар арнайы шақырылды.

Ұлттық құндылықтар – тәрбие негізі

Ұлтпен бірге жасап, елмен бірге дамып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ санасына сіңіру, сау қоғам құрудың басты алғы шарты. Өйткені, тарихи тамыры жоқ, мәдени діңі жоқ ұлттың болашаққа берері де аз. Ұлтымыз қадір тұтып, қастерлеген, өнеге етіп, қадірлеген құндылықтарымызды насихаттау басты міндет.  Сол мүдде жолында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық «Халықтар достығы» музейінде «Ұлттық құндылықтар – тәрбие негізі» атты музей сағаты өтті.

1-наурыз Алғыс айту күніне байланысты «Шын жүректен, мың алғыс» тақырыбында танымдық шара

Аудандық музей залында Алғыс айту күніне байланысты М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің оқытушысы оқушыларымен және Комсомол орта мектебінің оқушыларының қатыстырылуымен танымдық шара өткізілді.

Мақсаты: Бұл дата – еліміз үшін бірлік, татулық пен келісімнің салтанат құрған күні. Қуғын-сүргін жылдары қазақты көптеген ұлт паналады. Өзегіне талғажау болар азғантай несібесін өзгемен бөлісіп, ұлты, діні бөлек болса да, адам баласын алаламай, бауырына тартқан қазақтың кең пейіліне қарыздар жұрт қаншама?! Алғыс айту күні сол бір қиын-қыстау заманда келіп, бүгінде ұрпақ өрбіткен өзге жұрттың қонақжай қазақ баласына терең тағзымы іспетті. Ынтымақтың, қайырымдылықтың, мейірімділік пен төзімділіктің белгісі. Бұл – тар жол тайғақ кешуде тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп ұлтты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні екендігін оқушылар санасына сіңіру.

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png