«Әбілқайыр хан» кешеніне сапар

Қыркүйек айының 22-сі күні, таңғы 8-де Ақтөбе қаласынан шыққан оқушылар автобусы кешкі сағат 17:00 шамасында Әйтеке би ауданы Толыбай ауылына табан тіреді. Экспедицияға шығушылардың дені Ақтөбе қалалық №51 мектеп гимназиясының 9 «ә», «б» сынып оқушылары еді. Әйтеке би ауданы орталығынан ауданның тарихын, мәдениетін, этнографиясын түсіндіру үшін «Халықтар достығы» музейінің қызметкері А.Жалмуханбетов қонақтарға жол көрсетуші ретінде сапарлас болды.

«Отбасы - рухани жаңғыру негізі» ұранымен аудандық музейде «Отбасы - өмір аясы» тақырыбында әңгіме-сұхбат өткізілді.

«Отбасы - рухани жаңғыру негізі»   ұранымен аудандық музейде «Отбасы - өмір  аясы»  тақырыбында әңгіме-сұхбат өткізілді. Шараға аудандық тілдерді дамыту бөлімінен, аудан басшыларынан қонақтар шақырылды. М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің 7"б" сынып оқушылары мен ата-аналары және мектеп ұстаздары М.Қарабалаева, Р.Нұржанова қатысты. Шараның мақсаты: Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 

«Көкжар ізімен»

Тамыз айының 24-25 күндері Көкжар жәрмеңкесінің 150 жылдығына орай Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшілігімен «Көкжар ізімен» атты экспедиция ұйымдастырылды. Әр ауданнан тарихшы, өлкетанушы, Жастар орталығынан қызметкер экспедицияға қатысып, Ойыл ауданының тарихи-мәдени ескерткіштерін аралады.

«Мектепке жол акциясы»

Әйтеке  би  аудандық «Халықтар  достығы»  музейі  және  аудандық  статистика    бөлімі  2017 жылдың 1 тамыз-30  қыркүйек  аралығында  өтетін  «Мектепке жол»  дәстүрлі  жалпы республикалық  қайырымдылық  акциясына  Т.Жүргенов  атындағы  орта  мектебінің   5 класс  оқушысы  Сәкенқызы  А-ға  демеушілік  көрсетіліп, ата-анасы  мен  оқушы  ризашылығана  бөленді.

«Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата заң»

Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым Ата Заңым қабылданып. 

 

Әйтеке би  аудандық  «Халықтар  достығы»  музейінде  29 тамыз Конституция күніне орай «Айбарлы асқар елді асқақтатар  Ата заң»атты танымдық   шара  өткізілді.Танымдық   шараға  заң  қызметкерлері мен  мекеме  қызметкерлері шақырылды.

Мақсаты: Ата Заң жайлы ұғым түсініктерін қалыптастыру, онда бекітілген негізгі міндеттері мен құқықтары атты тараулармен таныстыру. Адамның ең қымбат қазына екендігін, оның өмірімен, құқықтарымен таныстыру, Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу. Өткізілген  шарада  қатысушылар С.Қабдылдаұлы, Г.Есмағамбетқызы  өз  пікірлерін  ортаға  салды. Музей  директоры  Д.Ильясова  мемлекетіміздің құрылымын айғақтап,барлық заң негіздерінің бастауы болып отырған Конституция күнімен құттықтай  отырып.

Қазақстан-Ақтөбе телеарнасы Әйтеке би жерінде

2 тамыз күні Қазақстан-Ақтөбе телеарнасы өз жоспарларының негізінде, Әйтеке би жерінің тарихын, мәдениетін, экономикасын ақпараттық хабар ретінде дайындау мақсатында келген болатын. 8 адамнан тұратын түсіру тобын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Г.Барлыққызы мен Әйтеке би аудындық музей қызметкері А.Жалмуханбетов күтіп алып, өлке тарихынан сыр шертетін мекендерге жол бастады.

«Туған жерге тағзым»

«Туған жерге  тағзым»   акциясы  аясында  Әйтеке би  аудандық   «Халықтар достығы»  музейі  ауылдық  жерлерге  музей  жұмысын  таныстыру  мақсатында  жылжымалы  көрме  апару  көзделді. Осы мақсатпен,  шілденің 20-сы  күні  Қарашатау, 21-і  күні  Әйке  елді  мекендеріне  музейдің ескі, бағалы экспонаттары  апарылып, түсіндіру  жұмыстары  жүргізілді. Көрме  соңында  елімізге  белгілі, әнші – сазгер Д.Сағынтаев жеке  ән  кешін  өткізіп, халықты бір  қуантты.

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png