«Латын әліпбиіне көшу игілігі!»

Әйтеке би  аудандық  «Халықтар достығы»  музейінде «Латын әліпбиіне    көшу  игілігі!»  тақырыбында   пікірсайыс  өткізілді.

    Шараның мақсаты - Латын графикасына көшудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру,  танымдылық, білімділік  деңгейін  көтеру, ой  белсенділігін  дамыту.

«Рухани жаңғыру - ел игілігі» атты кездесу кеші

     23 – қазан күні  аудандық  «Халықтар  достығы»  музейінде   аудандық  прокуратура мен  музей  ұжымы  бірлесіп   «Рухани жаңғыру»  мақаласына  сәйкес  кездесу  кеші  өтті. Кездесу  кешіне  Әйтеке би  ауданы прокурорының  аға  прокуроры  А.К. Арыков,  Әйтеке би  ауданы  прокурорының орынбасары  кіші  әділет  кеңесшісі Н.С. Айтен, аудандық  пробация   қызметінің  аға  инспекторы  Т.Б.Қалжанова  және   т.б.  көрермендер  қатысты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау бойынша дөңгелек үстел

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау аясында аудандық музей залында дөңгелек үстел өтті. Аудандық сот мекемесі мен аудандық «Халықтар достығы» музейінің ұйымдастыруымен өткен шараға аудандық мұрағат және прокуратура қызметкерлері қатысты. Алғашқы сөз тізгінін аудандық сот төрағасы А. А. Әбдіров алып, мақаланың өзекті тұстарына тоқталып, заң жүзінде асырылар істердің басы-қасында жүру міндетіміз деді.

Мүгедек жандарға қамқорлық — қоғамның қасиетті парызы

Тағдырдың тәлкегіне түскен жарымжан жандарды қоғамға бейімдеп, олардың еңсесін тіктеп, өзгелер секілді өмір сүрулеріне қолайлы жағдай жасау – бүгінгі қоғамның басты талабы. Қазіргі сәтте  оларға  қолдау көрсету еліміздің саяси міндетіне айналуда. 

«Туған жер»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясын­да 28-29 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында «Туған жер» респуб­ликалық жерлестер форумы болды. Форумға Парламент депутат­тары, мемлекеттік орган­дар­дың жетекшілері, қоғам қай­раткерлері, белгілі ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, әйгілі спортшылар, әлемнің 20 елінде тұрып жатқан ақтөбелік жерлестер қатысты. Осы форумның маңыздылығын арттыру мүддесімен Қобыланды батыр атындағы орталық стадион алдында әр аудан өз киіз үйін құрып, өздеріне тән ерекшеліктерін қонақтар назарына ұсынды. Әйтеке би ауданы киіз үйінің сәні мен мәнін келтіру үшін аудандық «Халықтар достығы» музейі өз экспонаттарын қойып, көзден кеткенмен, көңілден кетпеген ескі қазақы тұрмыстың бейнесін айна-қатесіз жасады.

«Әбілқайыр хан» кешеніне сапар

Қыркүйек айының 22-сі күні, таңғы 8-де Ақтөбе қаласынан шыққан оқушылар автобусы кешкі сағат 17:00 шамасында Әйтеке би ауданы Толыбай ауылына табан тіреді. Экспедицияға шығушылардың дені Ақтөбе қалалық №51 мектеп гимназиясының 9 «ә», «б» сынып оқушылары еді. Әйтеке би ауданы орталығынан ауданның тарихын, мәдениетін, этнографиясын түсіндіру үшін «Халықтар достығы» музейінің қызметкері А.Жалмуханбетов қонақтарға жол көрсетуші ретінде сапарлас болды.

«Отбасы - рухани жаңғыру негізі» ұранымен аудандық музейде «Отбасы - өмір аясы» тақырыбында әңгіме-сұхбат өткізілді.

«Отбасы - рухани жаңғыру негізі»   ұранымен аудандық музейде «Отбасы - өмір  аясы»  тақырыбында әңгіме-сұхбат өткізілді. Шараға аудандық тілдерді дамыту бөлімінен, аудан басшыларынан қонақтар шақырылды. М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің 7"б" сынып оқушылары мен ата-аналары және мектеп ұстаздары М.Қарабалаева, Р.Нұржанова қатысты. Шараның мақсаты: Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png