«Целинник»

7-9 мамыр мерекелік күндеріне орай «Целинник»  мәдениет  үйінің ішінде және  алдында  көрме   ұйымдастырылып,  соғыс уақытында қолданылған тарихи экспонаттар, оның ішінде  қару - жарақтар,  радио,  телефон,  каска,  фляжка  басқа да  соғыс  ардагерлерінің  ұстап  тұтынған заттары  халық назарына  ұсынылды. Сонымен  бірге   музей  қызметкерлері  Жеңіс обелискісіне аза гүлін қою рəсіміне  қатысты. 

«Ұлт бірлігі-ұлы байлық»

Әйтеке  би  аудандық  «Халықтар  достығы»  музейінде  «Ұлт  бірлігі-ұлы байлық»   атты  кездесу  кеші  өтті. Шараға  ауданымыздағы  өзге  ұлт  өкілдерінен  Комсомол  орта  мектебінің   қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Э.Мазитова,  Г.Табрисовна,  аудандық  «Жаңалық  жаршысы»  газетінің  директор-бас  редакторы  Г.Стручков, Л.Ивановна, Н. Балманова және  М.Жұмабаев  орта  мектебінің  7  ә  сынып  оқушылары  мен   класс  жетекшісі  З.Мералина  қатысты.

«Мәңгілік ел - біздің ұлы және лайықты Қазақстан»

20 – сәуір  күні  аудандық  «Халықтар  достығы»  музейінде   «Мәңгілік  ел - біздің  ұлы  және  лайықты   Қазақстан»   атты  Т.Жүргенов  атындағы  орта  мектептің 10-сынып  оқушыларының  қатысуымен  пікір-сайыс  өткізілді. Пікір-сайыстың  негізгі  мақсаты   өркендеуге  нық  қадам  басқан  Қазақстанның  алдағы  уақытқа  қойған  Мәңгілік  ел  стратегиялық  жоспарын   түсіндіру,  маңыздылығын  талдау. Пікір -сайыс  барысында  оқушыларға   еліміздің  арғы-бергі  тарихынан  сұрақтар  қойылып,  электронды   форматтағы   сөзжұмбақты   ұжым   болып  шешімін  табу  тапсырылды. Мәңгілік  ел  стратегиясының  басым  бағыттары  түсіндіріліп, әр  оқушы  жеке  ойларын  ортаға  салды.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес- ортақ іс»

19- сәуір  күні  аудандық  «Халықтар  достығы»  музейі мен   Жастар  ресурстық  орталығы  бірлесіп,  «Сыбайлас  жемқорлықпен  күрес- ортақ  іс»  тақырыбында  кездесу  кешін өткізді.  Кездесу  кешіне  Жастар  ресурстық  орталығының  ұжымы,  Әйтеке  би  аудан  әкімдігі  аппаратының  ұйымдастыру және  мемлекеттік  құқықтық  жұмыстар бөлімінің  бас  маманы Қабылдин  Семетей  Қабдылдаұлы,  және  колледж  студенттері  қатысты. Кездесу  кешінің  мақсаты:Жастардың адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, «Жемқорлық» қоғамымыздағы алаңдатып отырған келеңсіз көрініс екенін ұғындырып, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту.

Шекаралас ауданға сапар.

 Ресей Федерациясы Орынбор облысының шекаралас аудандарында

 «Наурыз мейрамы» мерекесіне арналған  31 наурыз – 1сәуір  аралығында Әйтеке би ауданы бойынша белгіленген РФ Светлый ауданы, Светлый селосында  іс –шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

«Наурыз- ұлт құндылықтарының бастауы» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін ұлттық құндылығымыздың маңызы ерекше.

        Кез келген ұлттың толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы және ұлттық мүддесі болуы керек.   Ендеше  өткенімізге көз жүгіртсек, қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет болып, көшпенді өмір сүргенде рулық сана басым болды. Сондықтан ұрпақтарымыздың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, ел қамын, жер қамын ойлайтын азамат етіп тәрбиелеу  баршамыздың  міндетіміз.

«Ұлыстың Ұлы күні-Әз Наурыз»

Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген  берекесі.

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсініктер беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге  бейімдеу.  Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, ұлттық салт - дәстүр, әдет-ғұрпымызбен   байланыстыра  отырып,  өз  ұлтымызға   деген  сүйіспеншілігімізді  арттыру  барысында  18.03.2017  жылы  аудандық «Халықтар достығы» музейінде «Ұлыстың  Ұлы  күні-Әз Наурыз»  тақырыбында  мерекелік  шара  ұйымдастырылып  өткізілді.

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png