Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» музейінде 1 - маусым балалар күніне орай «Әлем, балалар көзқарасымен» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды.

Аудандық  «Бәйтерек»  балабақшасының  бүлдіршіндеріне   ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ тілей  отырып,  балаларға шын көңілден шаттық көңіл - күй сыйлап, балаларды қорғау күні қалай аталып өтілетінін, мерекеге жақсы көңіл - күй керек екенін бүлдіршіндерге ұғындыру   барысында  аудандық   музейдегі залдарға  саяхат  жасалды. Бүлдіршіндердің  әсіресе  табиғат  залына  деген   қызығушылығы  мол  болды. Балаларымен  бірге  жас  отбасылар  да келіп,  өз  пікірлерін  білдірді. Музей  тарапынан  балабақша  бүлдіршіндеріне   сыйлықтар  тапсырылды.

Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» музейінде 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарының еске алу күніне орай «Арманда кеткен арыстар» тақырыбында тарихи- танымдық шара.

31 мамыр Қазақстан үшін ерекше аталынып өтетін қаралы күн. Бұл - ашаршылық оқиғаларының, репрессияның  құрбандарын еске алу күні боп 1997 жылдан Елбасымыз Н.Назарбаевтің Жарлығымен белгіленген  болатын.

Біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек.

21.05.2017

21 мамыр Мәдениет және өнер күніне орай 20 мамырда Н.Назарбаев атындағы мәдениет және демалыс саябағында өткізілген шарада Әйтеке би аудандық музей директоры Д.Ильясова «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің атынан құрмет грамотасымен және музей қызметкері А.Жалмуханбетов музей күніне орай өткізілген облыстық «Үздік музей қызметкері» байқауына байланысты «Кәсіби біліктілігі үшін» номинациясымен марапатталды.

«Тарих беттері сыр шертеді»

18  мамыр  халықаралық  музейлер  күніне  орай  ауылдық елді-мекендерде музей жұмысын таныстыру мақсатында шаралар ұйымдастырылған болатын.  «Халықтар достығы» музейі ұжымы 17 мамыр күні Жабасақ ауылына барып, мектеп ғимаратында «Тарих беттері сыр шертеді» тақырыбында танымдық шара өткізіп, оқушыларды музей жұмысының сан қырлы қызметімен таныстырды.

11.05.2017

Әлемнің  алты  құрлығын  аралаған,  ғаламның  жеті  кереметін   өз көзімен  көрген   саяхатшы,  дүйім  қазаққа  танымал   жиһанкез   Сапар  Ысқақовтың  Әйтеке  би  жеріне,  оның  ішінде  Кіші  жүздің  ханы   қолбасшы  Әбілқайыр  жатқан  қорымға  келетіндігі  жөнінде  жақсы  хабар   ел  ішіне  тараған болатын. Соған  орай,   аудандық   мәдениет  бөлімі мен  аудандық  «Халықтар  достығы»  музейі   қонақтарды  қарсы  алу  әзірлігіне   кірісіп кетті.

«Целинник»

7-9 мамыр мерекелік күндеріне орай «Целинник»  мәдениет  үйінің ішінде және  алдында  көрме   ұйымдастырылып,  соғыс уақытында қолданылған тарихи экспонаттар, оның ішінде  қару - жарақтар,  радио,  телефон,  каска,  фляжка  басқа да  соғыс  ардагерлерінің  ұстап  тұтынған заттары  халық назарына  ұсынылды. Сонымен  бірге   музей  қызметкерлері  Жеңіс обелискісіне аза гүлін қою рəсіміне  қатысты. 

«Ұлт бірлігі-ұлы байлық»

Әйтеке  би  аудандық  «Халықтар  достығы»  музейінде  «Ұлт  бірлігі-ұлы байлық»   атты  кездесу  кеші  өтті. Шараға  ауданымыздағы  өзге  ұлт  өкілдерінен  Комсомол  орта  мектебінің   қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Э.Мазитова,  Г.Табрисовна,  аудандық  «Жаңалық  жаршысы»  газетінің  директор-бас  редакторы  Г.Стручков, Л.Ивановна, Н. Балманова және  М.Жұмабаев  орта  мектебінің  7  ә  сынып  оқушылары  мен   класс  жетекшісі  З.Мералина  қатысты.

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png