Бейсеналин Қошқылбай (1922-1999 жж.)

Бейсеналин Қошқылбай (1922-1999 жж.) Ұлы  Отан соғысының ардагері. 
1941 жылы соғысқа алынып, 58-атқыштар бөлімінде аға лейтенант болып шайқасты. ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен және т.б. мерекелік медалдармен  марапатталған.

Қайнарбаев Қараш (1904 ж.туылған )

Қайнарбаев Қараш (1904 ж.туылған ) 
Ұлы  Отан соғысының ардагері.  1942 жылы соғысқа алынып, «Ерлігі үшін», «Қызыл жұлдыз» орденімен, ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен және т.б. мерекелік медалдармен  марапатталған.

Қарабалаев Шүренбай (1924-1975 жж.)

Қарабалаев Шүренбай (1924-1975 жж.) Ұлы  Отан соғысының ардагері.  ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалі, «Венаны азат еткені үшін» т.б  көптеген мерекелік медальдармен  марапатталған.

«Береке басы – бірлік»

28-сәуір күні сағат 16.00-де музей парақшасында Бірлік күні мерекесіне орай аудандық мәслихаттың №11 сайлау округінің депутаты, биология пәнінің мұғалімі Бураханова Людмила Геннадиевнамен «Береке басы – бірлік» тақырыбында онлайн сұхбат өтті.

«Қазақтың байырғы өлшем бірліктері»

23-сәуір күні сағат 12.00-де музей парақшасында «Қазақтың байырғы өлшем бірліктері» тақырыбында онлайн дәріс өткізілді. Мақсаты: Ара қашықтықты, салмақты, ұзындықты, уақытты, мөлшерді, көлемді өлшеуде қазақ өлшемдерінің дамыған басқа елдерден кем түспейтінін, тіпті артық тұстарын түсіндіру.

Әйтеке би аудандық музейі бірлесіп онлайн сұхбат өткізді.

17-сәуір күні сағат 16.00-де Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейінің ұйымдастыруымен, Әйтеке би аудандық музейі бірлесіп онлайн сұхбат өткізді. Сұхбаттың мақсаты Әйтеке би ауданының тарихын, киелі жерлерін, тарихи тұлғаларын кеңінен насихаттау, музей ісінің қазіргі жаңалықтарымен бөлісу.

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png