«Ұлттық дала нақыштары» (қол өнер шеберлерінің байқауы)

Аудандық «Халықтар достығы» музейі мен аудандық «Целинник» мәдениет үйі  бірлесе отырып Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты 25 жұлдызды күн аясында   «Ұлттық  дала  нақыштары» атты  қол өнер  шеберлерінің  байқауы  2016  жылдың   30  қарашада  өткізілді.

Байқаудың  мақсаты:  Қарапайым мамандықтар мен  кәсіп  иелері  арасында  кәсіби  шығармашыл  жандарды  тауып,  халыққа  насихаттау  және шеберліктерін  қалыптастыруға  ұйытқы   болу.

12.12.2016

 12 желтоқсан күні  «Әлем таныған  азат ел» тақырыбында  аудандық "Целинник" мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Ауыл  тұрғындарына аудандық музей экспонаттарынан көрме ұйымдастырылып, көрмеге аудан әкімі М.Е. Ибрашов  пен  ҚР Инвестиция және даму министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары С.Ә.Аблалиев да қатысып, тамашалады.

28.10.2016

28.10.2016  жылы  ҚР   Тәуелсіздігінің  25  жылдығы  аясында  Қазақстан -Ақтөбе  телеарнасына  Әйтеке би  ауданы  күні  бойынша   ауданның  өнім  жетістіктерінен  және  музей  саласынан  көрме  ұйымдастырылып  қойылды. 

Ауылға сапар

Әйтеке  би  ауданының  әкімдігінің  ұйымдастыруымен   «Тәуелсіздікке  тарту»   атты  үгіт  пойызы  ауылдарға  сапарын   бастады.  Бұл  шара  еліміздің  ҚР  Тәуелсіздігінің   25  жылдығына  арналып  отыр.  Сапар  барысында  әр  түрлі  салалардан  қатыстырылды. Аудандық  музей  қызметкерлері   «Тарихымызды  түгендейік»  деген атпен жылжымалы  этнографиялық  көрмелер  ұйымдастырылды. 

Сонымен  қатар  ауыл тұрғындары және  мектеп  оқушылары  көрмені қызығушылықпен  тамашалап,   өз  ойларын  ортаға  салды.   

«Ел іші – өнер кеніші»

«Әдебиет  пен  өнер  ұлы  болмаған  жерде  -  ұлт  та  ұлы  болмайды»    -  деген  Ғабит  Мүсіреповтың  асыл  сөзі  бар. 

         Кез  келген  елді  ерекшелейтін  мәдениеті  мен  әдебиет,  салт – санасы  мен  тарихы,  рухани  дүние  танымы  екені  даусыз.  Ел  ішінде  өнер  бар,  өнерді  тапқан  шебер  бар  дейді  дана  халқымыз .  Сол  сан  түрлі  өнердің  ішінде  театр  өнері,  театр  мәдениетінің  орны  бір  төбе.   

«Тіл – бірлік қуаты»

         Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың   1998  жылғы 20  қаңтардағы  Жарлығына  сәйкес  «22 қыркүйек – Қазақстан  халықтарының  тілдері  күні»  ретінде  аталып  келеді. Б.Момышұлы  атамыз : «Тілін  білмеген – түбін  білмейді»  деген. Шынында,  тілін  білмеген  адам  өз  халқының  тарихын,  дәстүрін,  мәдениетін  өз  тілінде  сезініп,  терең  бойлай  алмаса, ол  қасірет  емес пе? Сондықтан  әр  адам  ана тілін  көзінің  қарашығындай  сақтауға,  білуге  тиіс.  Болашағымызды  баянды  етер қаруымыз – тіліміз. Ана  тілімізді  құрметтеу  барысында  аудандық  «Халықтар  достығы»  музейінде  музей  қызметкерлері мен  аудандық  мектеппен  мәдени  шара  өткізілді.  Шараға  аудандық  қазақ тілі  қоғамының  төрайымы Саймағанбетова Бақыткелді  апай, мәдениет  және  тілдер  дамыту  бөлімінің   басшысының у.м. атқарушы  Төлегенова Г.А, мәдениет  бөлімінен Смағұлова  Ш және М.Жұмабаев  орта  мектебінен тәрбие  ісінің  меңгерушісінің  орынбасары  Нұржанова Р,   Қарабалаева  М, 6 «Б» – сынып  оқушыларымен,  музыкант  Жұпарбаев  К  мен  ата -  аналар  қатыстырылды.

«Туған жерім – нұрлы елім!»

Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздігінің  25  жылдық  мерейтойына   арналған  шежірелі  Әйтеке  би  ауданының  «Туған  жерім – нұрлы  елім!»  атты  аудан  күндеріне  байланысты  акцияға  19 – 20.08 аралығында  аудандық  «Халықтар  достығы»  музейі  жылжымалы  көрме  ұйымдастырып  Ақтөбе  қаласына  барды.  Т.Ахтанов  атындағы  облыстық  драма  театрында  19.08  күні  Әбілқайыр  хан  пьесасынан  қойылым  сахналанып,  фоэеде  Әбілқайыр  хан  туралы  экспонаттардан  жылжымалы  көрме  ұйымдастырылды.  Экспонаттардың  әрқайсысы  әсерлі,  үйлесімді  қойылып,  көрермендердің  назарына  мол  әсерін  қалдырды.

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png