«Музей - халық қазынасы»

Әйтеке  би  аудандық  «Халықтар  достығы»  музейінің  ұйымдастыруымен  18 – мамыр  Халықаралық  мұражайлар  күніне  орай  музей  ғимаратының  алдында  музей  түні   ұйымдастырылды.  Кешке  ауыл  тұрғындары,  қонақтар,  мәдениет  қызметкерлері  және  Саз  мектебі мен  М.Жұмабаев  орта  мектебінің  оқытушылары  мен  оқушылары  қатыстырылды.

Әйтеке би аудан орталығындағы алаңда «Ерлік пен Жеңіс» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

 Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. 

Көрмені аудан  қонақтары, тұрғындары  және  студенттер мен  мектеп  оқушылары  тамашалады.

Әйтеке би аудандық білім бөлімі мен аудандық музей қызметкерлері бірлесіп Абай оқулары байқауын ұйымдастырып өткізді.

    Озық ойлы Абайтанушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қайнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Асыл сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.

Тақырыбы: «Өлең  сөздің  патшасы»  

Мақсаты: талантты ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейтуге  баулу.   

«Үздік аудандық музей»

Облыстық   мәдениет,  мұрағаттар  және  құжаттама  басқармасының  2016  жылығы  13  сәуірде сала бойынша өткізілген кеңейтілген алқа жиынында аудандық, ауылдық  мемориалдық   музейлер  арасында  «Үздік   аудандық  музей» - 2015  сертификатын   Әйтеке  би  аудандық  «Халықтар  достығы»  музейі   иеленді.

«Татулық – достықтың киелі бесігі»

Мақсаты:  Халықтар  арасындағы  достықты  нығайту,  осы  мақсатта  өзге  ұлт  өкілдерінің  қарым – қатынастарын  қалыптастыруды  жалғастыру.  Қазақстанның  өркендеуіне  достық  арқылы  өз  үлестерін  қосуға  баулу.

4-5 қыркүйек Қазақстан – Ақтөбе РТРК «Атажұрт» тарихи – танымдық хабарын түсіру телеэкспедициясы Әйтеке би ауданы бойынша жүргізілді.

Экспедиция  құрамында Ә.Мырзатайұлы,  Ж.Ізбағанбетова,  С.Калекенов  және  Әйтеке  би  аудандық  «Халықтар  достығы»  музейінің  директоры  Д.Ильясова,  өлкетанушы  А.Байниязов, саз  мектебі  мен  мәдениет  қызметкерлері қатысты.  Экспедицияның  бірінші  күні  Ақтасты  еліндегі  көріпкел,  әулие,  емші  Төлеген  Сатыбалды  атаның  тамына  барып,  ұрпағы  Қатшагүл  апайдан  сұхбат  алынды.  Одан  әрі  Толыбай  елді  мекені арқылы  «Хан  моласына»  барып, өлкетанушы  А.Байниязов  хан  моласы  қорымы  туралы  көрген – білгенін,  естіген  деректерін  айтып  таспаға  жазылып  алынды.  Өлкейік,  Қабырға  бейне  түсірілімдерін  байланыстыра  отырып,  табиғат  аясында  қазақтың  ұлттық  аспаптарымен  халық  әні  «Жеті арал»  орындалып,  бейнеклип  түсірілді. 

29 - 31 мамыр аралығында облыстық тарихи – өлкетану музейінің қызметкерлерімен бірлескен Әйтеке би ауданы бойынша кешенді экспедиция жұмыстары жүргізілді.

Экспедицияның  алғашқы  күнінен  бастап  Әйтеке  би  ауданы  Қарабұтақ  селосына  қарасты  Ақкөл  елді  мекеніне  барып  село  әкімі  Қ.Дүйсенбинмен кездесіп,  тарихи  орындар  «Кілемжайған»,  «Ханкелді»,  «Бопай»  жерлерін  аралап,  елді  мекендермен  кеңінен  танысып,  араладық.  Басқұдық  еліне  сапары  барысында  жолда  «Қарабас  әулие»  қорымына  құран  бағыштап,  қорымды  аралап  көрдік.  Қорымның  аумағы  үлкен  және  үлкен  қиыршық   тастармен  қаланған  екен.  Қорымда  қазіргі  үлгідегі төрт  құлақты  тамдар  да кездеседі.  Одан  әрі  Қырыққұдық  мекеніне  соғып,  белгілі  ұста  Соңғыбай  Құмақұлының  шикі  кірпіштен  қаланған  үйін  көрдік  және  үйдің  қабырғалары  ғана  қалған  екен.  Заманында  осы  өңірден  көптеген  ұсталар  шыққан. 

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png