22 – Наурыз Ұлыстың Ұлы күніне орай 18 наурыз күні «Жарқыраған жас нұрлы, жаса Наурыз дәстүрлі» мерекелік қойылым ұйымдастырылды.

Шараға  ауылдық  ақсақалдары  мен   әжелер  ансамблі  және  аудан  әкімінің  орынбасары  З.Мекетайқызы  шақырылып,  қадірлі  қонақтарға  Т.Жүргенов  атындағы  орта  мектебінің  11«Ә»  класс  оқушылары  салт – дәстүрден,  әдет – ғұрыптан   көріністер  көрсетіп,  ән  айтылып,  қазақтың  қара  домбырасымен   күй  тартыс  орындалды.  Сонымен  қатар  шақырылған  қонақтар  мен  оқушылар  арасында   этнографиялық   бірнеше   заттардың  ішінен  бесік  және  торсықтың  тұрмыс – тіршілікте  қолданылуы,  жасалу  жолдары  және  шығу  тарихы  барысында   ой  пікірлерімен  бөлісіліп  баспа  бетіне  берілді.

«Тарихи тұлғалар – ел мақтанышы» атты патриоттық көрме.

Әйтеке би өңірі атына заты сай би - шешендер өлкесі екеніне бүгінде  тарих  куә. Дархан  жері  дүние жүзіне танымал болған тұлғалардың атамекені, еліне  ізгі өнеге қалдырып, ақыл-ой, қайрат жігерімен, білім – білігімен қызмет  етуді, азаматтық борыш, әрі ұлтқа деген сүйіспеншіліктің бір көрінісі.

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Мәңгілік елдің асыл мұраты» тақырыбында танымдық шара.

1 желтоқсан  Тұңғыш  Президент  күніне орай  «Мәңгілік  елдің  асыл  мұраты»  тақырыбында  танымдық  шара  өткізілді.  Шараның  мақсаты - жас ұрпаққа елбасымыздың  сан қырлы талант иесі,  әлемге  танылған  ұлы  тұлға екендігін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді әлемге танытқан, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының  кісілік  келбетін  меңгерту.  

Қазақ хандығының 550 жылдығы

1-2 қазан  қазақ  хандығының  550  жылдығы  аясында  Әйтеке би ауданындағы «Хан моласы» қорымында қазақ тарихындағы ірі қоғам қайраткері, даңқты қолбасшы Әбілқайыр ханға арналған мемориалды кешеннің  ашылуы  болды.  Сонымен қатар Толыбай ауылында «Әбілқайыр  хан»  музейі  ашылды. Музейге XVIII-ХІХ ғасырлардан қалған құнды жәдігерлер, Әбілқайыр хан ұрпақтары тұтынған бұйымдар, олардың арасында, белгілі заңгер Бақытжан Қаратаевтың ұстаған бұйымдары, Әбілқайыр ханның жеке мөрі  қойылды. Музейдің  ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев  қатысып,  музеймен  танысты.  Шара  барысында  киіз үйлер тігіліп, ат  жарыс,  қазақша  күрес  ұйымдастырылып,  әр  облыстан  келген фальклорлық ансамбль  өз өнерлерін  халыққа  ұсынды.   

«Жанарлар жасқа толы мереке» атты фото көрме.

9  мамыр  күні  орталық  саябақта  «Жанарлар  жасқа  толы  мереке» атты  фото  көрме  ұйымдастырылып,  соғыс  экспонаттары  қару - жарақтар,  радио,  телефон,  каска,  фляжка  және  соғыс  ардагерлерінің  ұстап  тұтынған заттары  т.б. көпшілік  назарына  ұсынылды.  Сонымен  бірге   музей  қызметкерлері  «Даңқ  орденін»  алған  соғыс  ардагерлерінің   суреттерін   салтанатты   шеруде  алып  жүрді.

. «Отты жылдар елесі» тақырыбындағы республикалық фото – байқау.

9 мамыр  Жеңіс  күніне  орай  облыстық  өнер  музейінде  ұйымдастырылған  «Отты  жылдар  елесі»  тақырыбындағы  республикалық  фото – байқауға  қатысып,  музей  қорындағы  соғыс  ардагерлері  Кеулов Диханбай,  Қарабалаев  Шүренбай,  Ермағанбетов  Батырбайдың  соғыс  майданында  жүрген  кезіндегі  және  Берлинді  алғаннан  кейін  түскен  суреттері  көрмеге   қойылды.  Байқау  барысында  «Халықтар  достығы»  музейінің  директоры  Д.Ильясова ІІ  орын  иеленіп,  теледидер  және  арнайы  дипломмен  марапатталды.

«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» тақырыбында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

15 ақпан  Кеңес  әскерінің  Ауғанстаннан  шығарылған  күніне  орай  және  қазақ  хандығының  550  жылдығына  арналған  «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» тақырыбында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге ауған соғысының ардагерлері С.Таласбаев, Ж.Атбағаров, Б.Журумбаев, Ж.Абдибеков, аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің редакторы Г.Стручков, Әйтеке би аудандық Қорғаныс істері бөлімінің қызметкері Ә.Медеубайұлы және Әйтеке би аудандық көпсалалы  колледжінің  оқытушылары  мен  студенттері  қатысты. 

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png