«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 28-29 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында «Туған жер» республикалық жерлестер форумы болды. Форумға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың жетекшілері, қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, әйгілі спортшылар, әлемнің 20 елінде тұрып жатқан ақтөбелік жерлестер қатысты. Осы форумның маңыздылығын арттыру мүддесімен Қобыланды батыр атындағы орталық стадион алдында әр аудан өз киіз үйін құрып, өздеріне тән ерекшеліктерін қонақтар назарына ұсынды. Әйтеке би ауданы киіз үйінің сәні мен мәнін келтіру үшін аудандық «Халықтар достығы» музейі өз экспонаттарын қойып, көзден кеткенмен, көңілден кетпеген ескі қазақы тұрмыстың бейнесін айна-қатесіз жасады.