«Мәңгілік ел - біздің ұлы және лайықты Қазақстан»
20 – сәуір күні аудандық «Халықтар достығы» музейінде «Мәңгілік ел - біздің ұлы және лайықты Қазақстан» атты Т.Жүргенов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушыларының қатысуымен пікір-сайыс өткізілді. Пікір-сайыстың негізгі мақсаты өркендеуге нық қадам басқан Қазақстанның алдағы уақытқа қойған Мәңгілік ел стратегиялық жоспарын түсіндіру, маңыздылығын талдау. Пікір -сайыс барысында оқушыларға еліміздің арғы-бергі тарихынан сұрақтар қойылып, электронды форматтағы сөзжұмбақты ұжым болып шешімін табу тапсырылды. Мәңгілік ел стратегиясының басым бағыттары түсіндіріліп, әр оқушы жеке ойларын ортаға салды.